Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы салқын болады

Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы салқын болады
Cурет: Ашық дереккөз

Синоптиктер алдағы үш күнге, 2-4 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz айты.   

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, республиканың басым бөлігіндегі ауа райына оңтүстік циклон ықпал етеді. Салдарынан күн күркіреп, жаңбыр жауады.
"2 шілдеде батыста, 3 шілде солтүстік-батыста, 4 шілде оңтүстікте, орталықта қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін. Дауыл соғып, жел күшейеді. Қазақстанның барлық аумағында ауа райы салқын болады", - делінген хабарламада.