Қазақстанда алдағы екі-үш күнде ауа райы суытады

Қазақстанда алдағы екі-үш күнде ауа райы суытады
Сурет: News.mail.ru

Республика бойынша тұман, көктайғақ күтіледі.

Қазақстандық синоптиктер 24-26 ақпан аралығында ауа райы күрт суытатынын болжап отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Мамандардың болжамы бойынша, екі-үш күнде оңтүстік әлі де ауқымды антициклонның ықпалында болады, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Елдің солтүстігінде қар жауып, бұрқасын соғады. 15-23 м/с-ке дейін желдің күшеюі, республика бойынша тұман, көктайғақ күтіледі.

Еліміздің солтүстігінде түнде 5-18 градус аяз, шығысында және орталығында 8-26 градус аяз, республиканың оңтүстігінде 5 градус аяз, батысында 0-10 градус аяз болады.