Қазақстанда әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережесі қайта бекітіледі

Қазақстанда әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережесі қайта бекітіледі
Сурет: Kazlenta.kz

Құжатта әскери басқару органдары қабылдайтын іс-шаралар кешені көрсетілген.

Қорғаныс министрлігінің Әскери полиция бас басқармасы «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қорғаныс министрі бұйрығының жобасын дайындады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«2022 жылғы екінші маусымда Үкіметтің № 357 қаулысымен Қорғаныс министрлігі туралы ереженің жаңа редакциясы қабылданған болатын. Осыған байланысты, 15-тармақтың 167-тармақшасына сәйкес, жоғарыда көрсетілген бұйрықтың күші жойылды және қайта бекітуге жатады»,- делінген Қорғаныс министрлігінің хаарламасында.

Ережеде әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығына зиян келтірудің алдын алу жөнінде әскери басқару органдары қабылдайтын іс-шаралар кешені көрсетілген.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталының «Ашық НҚА» бөлімінен биылғы жылдың 1 тамызына дейін танысуға болады.