Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар тауарларға шекті баға қойылуы мүмкін

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар тауарларға шекті баға қойылуы мүмкін
Сурет: Inform.kz

Мемлекет  реттеуші ретінде әрекет етеді.

Қазақстан Үкіметі әлеуметтік маңызы бар тауарларға шекті баға қоюды көздеп отыр. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, нарықтық сауда жүйесінің негізгі міндеті - сөрелерде әділ және болжамды бағаны белгілеу.

«Жүйенің мақсаты өндірістік өткізу тізбегінің барлық қатысушыларына, яғни тұтынушылардың, трейдерлердің, тасымалдаушылардың және сатушылардың ортақ мүддесін сақтау екені бәріне мәлім. Бұл қағидаттардың бұзылуы тауарлардың физикалық қолжетімсіздігі мен дүрлікпе сұранысқа және бағаның өсуіне алып келеді. Мұндай жағдайда мемлекет араласуға мәжбүр. Мемлекет реттеуші ретінде әрекет етеді. Осы мақсатта Үкімет дағдарысқа қарсы шаралар қабылдап, инфляция деңгейін төмендетуге тырысады», - деді Бақыт Сұлтанов.

Сұлтановтың сөзіне қарағанда, "Сауда қызметін реттеу туралы" заң мұндай жағдайда әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке шекті бағаны қоюды, сауда үстемелерін белгілеуді және экспортты шектеуді көздейді.

 «Фискалды шараларды күшейту арқылы тауарлардың физикалық қолжетімді болуын қамту  және егіс кезеңінде тұтыну үшін қажетті тауар көлемін белгілі бір аймақтың форвардтық сатып алуын қамтамасыз етілмек», - деді министр  «Мемлекет басшысының тапсырмалары бойынша азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» туралы өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.