Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлік те дамитын болады

Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлік те дамитын болады
Сурет:Baigenews.kz

Бұл Үкімет әзірлеген бағдарламада қарастырылған.

Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен брифингте Халықтың табысын арттыру бағдарламасы таныстырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл бағдарлама аясында елімізде әлеуметтік кәсіпкерлік те дамитын болады.

«Ерекше қажеттіліктері бар адамдарда, зейнеткерлерде және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарда жеңілдетілген тәртіппен жұмысқа орналасу мүмкіндігі пайда болады. Жалпы, азаматтардың 9 санаты бар. Оларды жұмыспен әлеуметтік кәсіпкерлер қамтамасыз етеді. Осы саладағы кәсіпорындар санын 300-ден 1000-ға дейін арттыру жоспарлануда», - деді Ералы Тоғжанов.