Қазақстанда Адам құқықтары жөніндегі уәкіл тағайындалды

Қазақстанда Адам құқықтары жөніндегі уәкіл тағайындалды
Сурет: Akorda.kz

Сенат депутаттары Артур Ластаевтың кандидатурасын қолдады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына Артур Ластаевтың кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Артур Ластаев 1983 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша бітірген.

2006 жылы Алматы қаласы прокуратурасының Бостандық ауданы прокурорының көмекшісі болған.

Сондай-ақ ол әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау департаментінің бөлім бастығы болды.

Артур Ластаев Бас прокуратураның өкілі – БҰҰ бөлімшесі және Женевадағы басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасы Тұрақты өкілдігінің кеңесшісі қызметтерін атқарады.

2018 жылдан 2022 жылға дейін Еуропадағы Бас прокуратураның өкілі – Қазақстанның Швейцариядағы елшілігінің кеңесшісі болды.

2022 жылдан бастап Бас прокуратураның халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметінің бастығы болған.

Айта кетсек, бүгін 2022 жылғы 29 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Парламенті Сенатының отырысына қатысты.