Қазақстанда 959 адам коронавирустан емделіп жатыр

Қазақстанда 959 адам коронавирустан емделіп жатыр
Сурет: Ашық дереккөзі

3 пациенттің жағдайы өте ауыр

Қазақстанда 959 адам коронавирустан емделіп жатыр. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
 
17 қазандағы мәлімет бойынша, 959 адам коронавирус инфекциясынан (–829+ және 130 КВИ-) ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 107 пациент стационарда, 852 науқас амбулаториялық деңгейде.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
3 адамның жағдайы ауыр,
3 пациенттің жағдайы өте ауыр,
1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.