Қазақстанда 61 мың жетім бала баспана кезегінде тұр

Қазақстанда 61 мың жетім бала баспана кезегінде тұр
Сурет: Vgorode.ua

621 мыңнан астам адам баспана кезегінде тұр.

Қазақстанда 61 мың жетім бала баспана кезегінде тұр. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Қабдол мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Бүгінгі таңда еліміз бойынша 621 мыңнан астам адам баспана кезегінде тұр. Оның ішінде 432 мыңы - әлеуметтік осал жағдайдағы адамдар. Бұлардың ішінде ең осал және тұрғын үй мәслелерін шешуге аса мұқтаж адамдардың төрт басым санаты бар»,- деді ол Орталық коммуникациядар қызметінде өткен брифингіде.

Комитет өкілі аталған 4 басым санаттың әрқайсысы бойынша қанша адам баспана кезегінде тұрғанын атады.

«Біріншісі – көп балалы отбасылар. Олар – 91 мың азамат. Екіншісі – бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар. Мұндай 51 мың азамат бар. Үшіншісі – мүгедектігі бар баласы бар отбасылар, 24 мың азамат кезекте тұр. Төртіншісі – жетім балалар, 61 мың азамат тұр», - деді Бауыржан Қабдол.