Қазақстанда 5G қашан қолжетімді болатыны айтылды

Қазақстанда 5G қашан қолжетімді болатыны айтылды
Сурет: Apelsin.net

Ауылға 5G тартылмайды.

Мәжіліс отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек Қазақстанда 5G қашан қолжетімді болатынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Turkystan.kz сілтеме жасап.

«Қазіргі таңда біздің министрлік елімізде 5G технологиясын енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Жоспарымызға сәйкес, жыл соңына дейін республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында, ал 2023-2024 жылдары облыс орталықтарында іске қосылады. Ауылға 5G тартылмайды», – деді Асхат Оразбек.