Қазақстанда 5,5 миллионнан астам адам ревакциналанды

Қазақстанда 5,5 миллионнан астам адам ревакциналанды
Сурет: Gov.kz

Екпенің екінші компонентін 10 600 203 адам алған. 

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустық инфекцияға қарсы егілген азаматтардың саны туралы мәлімет жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

17 қазандағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы бірінші компонентпен 10 840 056 адам, екінші компонентпен 10 600 203 адам егілген. Ал 5 581 035 адам қайта вакциналанған.