Қазақстанда 300 мыңға жуық фрилансер жұмыс істейді

Қазақстанда 300 мыңға жуық фрилансер жұмыс істейді Сурет: Iphones.ru

Жаһандық компаниялардың 40%-ы өз жұмысында фрилансерлер санын арттыруды жоспарлап отыр.


Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


Ақмәди Сарбасов Өзбекстанда өтіп жатқан «Орталық Азиядағы экономикалық даму үшін тиімді басқару» халықаралық конференциясы барысында жұмыспен қамтудың стандартты емес түрлерінің көбеюі байқалғанын атап өткен.


Вице-министрдің мәліметінше, 10 жыл ішінде әлемде цифрлық еңбек платформаларының саны 5 есе өскен. Платформалық жұмыспен қамту көптеген адам үшін ақша табудың және кәсіби дамудың нақты әдісіне айналуда.



«Жаһандық компаниялардың 40%-ы өз жұмысында фрилансерлер санын арттыруды жоспарлап отыр. Ал Қазақстанда, біздің бағалауымыз бойынша, бүгінде 300 мыңға жуық фрилансер жұмыс істейді», - деді А. Сарбасов.



Спикер бірқатар жаңа стратегиялық бастаманы да ұсынды. Ол халықтың табысын 2025 жылға қарай 27%-ға арттыру жөніндегі міндеттерді шешуге көмектесуі тиіс. Жалпы бастамалар 4 бағытта іске асырылады:


– оқыту және қайта даярлау арқылы жұмыс күшінің сапасын арттыру;


– заңнамалық реттеу арқылы еңбек нарығын ырықтандыру және жұмыстың икемді түрлерімен қамтылған қызметкерлерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету;


– халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру үшін еңбек нарығының инфрақұрылымын дамыту;


– еңбек нарығының цифрлық экожүйесін құру арқылы қызметтерді ауқымды цифрландыру.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:41

17:06

16:15

14:56

14:43

13:15

13:13

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55