Қазақстанда 3-4 жасар балаларға сабақ оқытылмайды

Қазақстанда 3-4 жасар балаларға сабақ оқытылмайды Сурет: Inform.kz

Балаларды дамытудың жаңа моделі енгізіліп жатыр.


Қазақстанда Білім беруді дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы дайындалды. Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz cілтеме жасап.



«Тұжырымдамада стратегиялық және бағдарламалық белгіленген басымдықтар, Мемлекет басшысының тапсырмалары толық қамтылды. Біз түрлі халықаралық талдаулардың нәтижелерін ескере отырып, сарапшылар мен педагогогикалық қауымдастықпен барлық мәселені талқылап, тиісті ұсыныстарды қамтыдық», – деді министр.



Министрдің айтуынша, тұжырымдамада 6 бағыт 17 индикатор және 109 іс-шара ұйымдастыру көзделіп отыр.



«Оның негізгі бағыттарының бірі балаларды – ерте дамыту. Білім саласының ең маңызды деңгейі - балабақша. Зерттеуге сәйкес, баланы эмоционалды, әлеуметтік, физиологиялық дамуында балабақшалардың әсері орасан зор. Сол себепті балаларды дамытудың жаңа моделі енгіліп жатыр. Оның ішінде бағдарлама да, оқыту әдістері де түбегейлі өзгеріп жатыр», – деді Аймағамбетов.



Ведомства басшысының атап өтуінше, мұның алдындағы бағдарлама тым академиялық болып, 3-4 жасар балаларды отырғызып қойып, 20 минут сабақ оқытылса, енді халықаралық зерттеуге сай, олардың сабақтары жас ерекшеліктеріне байланысты ойын арқылы жүргілізілмек.


Ойын – баланың жаны мен тәніне сай келетін табиғи әрекет. Бала сол арқылы қоршаған ортаны зерттеп, оны тани отырып, қажетті дағдыларын дамытады, – деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36