Қазақстанда 19 тағам қоспасына тыйым салынды

Қазақстанда 19 тағам қоспасына тыйым салынды Сурет: Қайрат Қоныспаев

Қазақстан, Қырғызстан, Армения, Беларусь және Ресейде 19 тамақ қоспасына тыйым салынды.


Жаңартылған техникалық регламент Еуразиялық экономикалық одақта қабылданған, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. Тізімдегі қоспалардың біразына әлем бойынша шектеу қойылған. Мәселен, құмырсқа қышқылы, қызыл түскен бояушы кантаксантин мен құрамында алюминий бар заттар. Соңғысы құрғақ сүт, дәмдеуіш пен үгілген ірімшік жасауда қолданылады. Алюминийдің көп мөлшері орталық жүйке жүйесі мен бүйрек қызметін бұзып, онкологиялық аурулар тудыруы мүмкін. Сондай-ақ қант алмастырғыш - стевия да зиянды деп танылды.


Тамақ құрамында «Е» деген индекспен аталатын қоспаның болуы өте қауіпті. Жаңа техникалық регламенттің 70 проценті жаңа мәтінмен толықты. Бұл талаптарды толық орындау үшін 6 ай уақыт берілді. Аталған зиянды қоспалардан ада тағам түрлерін ғана Еуразиялық экономикалық одақ аумағында тұтыну құпталады, -дейді ЕЭК техникалық реттеу министрі Валентин Татарицкий
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26