Қазақстанда 17 жылу электр орталығы «қызыл» аймаққа енді

Қазақстанда 17 жылу электр орталығы «қызыл» аймаққа енді
Сурет: Kislorod.life

37 жылу электр орталығының техникалық жай-күйіне талдау жүргізді. 

Елдегі қалалардың жылу жұйесіне жүргізілген талдау қорытындысы бойынша 17 жылу электр орталығы «қызыл» аймаққа енді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Үкімет отырысында мәлім етті.

«Энергетика министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойныша құрылған арнайы комиссия жұмысы аясында 37 жылу электр орталығының техникалық жай-күйіне талдау жүргізді. «Қызыл» аймаққа – 19, «сары» аймаққа - 11, «жасыл» аймаққа – 7 ЖЭО кірді», - деді министр.