Қазақстанда 1,2 млн-нан аса тұрғын Pfizer екпесін қабылдады

Қазақстанда 1,2 млн-нан аса тұрғын Pfizer екпесін қабылдады
Сурет: дереккөз

17 тамызда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 9 575 212 адам, екінші компонентін 9 354 315 адам салдырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ведомствоаралық комиссияның деректеріне қарағанда, Pfizer вакцинасының алғашқы дозасын 1 237 770 тұрғын, кейінгі дозасын 1 194 350 тұрғын салдырған. Оның ішінде, бірін ші компонентімен жасөспірімдердің 873 880-і, жүкті әйелдердің 41 588-і, бала емізетін әйелдердің 145 361-і қамтылды. Екінші компанентін жасөспірімдердің 857 746-сы, жүкті әйелдердің 39 373-і, бала емізетін аналардың 141 677-сі қабылдады.