Қазақстанда 11 мың шақырым автожолдың құрылысы жүргізіліп жатыр

Қазақстанда 11 мың шақырым автожолдың құрылысы жүргізіліп жатыр
Сурет: Inform.kz

Жыл соңына дейін 1 мың шақырым жол ашылады. 

Автожол саласындағы іске асырылып жатқан жобалар туралы Мәжілісте өткен Үкімет сағатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтып берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Еліміздегі автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 96 мың шақырымды құрайды. Соның ішінде 25 мың шақырымы – республикалық маңызы бар жолдар болса, 21 мың шақырымы – облыстық және аудандық маңызы бар жолдар. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, алға қойған мақсаттардың бірі – 2025 жылы республикалық желі бойынша нормативтік жағдайдағы жолдардың үлесін 100%-ға дейін, ал жергілікті жол желілері бойынша 95%-ға жеткізу», - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Министрдің айтуынша, көліктік-транзиттік әлеуетті дамыту автомобильдік транзиттерді арттыру арқылы қамтамасыз етіледі. 

«Бүгінде еліміздегі 8 автомобильдік-транзиттік дәліздің жалпы ұзындығы 13 мың шақырымды құрайды. Қазіргі таңда республикалық желі бойынша нормативтік жағдайда 90% жол, жергілікті желі бойынша 80% жол бар. Биыл жалпыхалықтық жалпыға ортақ пайдаланылатын 11 мың шақырымнан астам автожолды құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді Қайырбек Өскенбаев.