Қазақстанда 1-сынып оқушылары үшін қандай жаңалық енгізілді?

Қазақстанда 1-сынып оқушылары үшін қандай жаңалық енгізілді?
Сурет: Qazaqstan.tv

Қыркүйек айында 1-сынып сабақтары 35 минуттан өтеді.

Қазақстанда 1-сыныптарды оқытудың «сатылы» режимі болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қыркүйекте үш сабақ 35 минуттан өтеді. Қазан айынан бастап дене шынықтыру және көзге арналған гимнастика қосылып, сабақтың әрқайсысы 45 минуттан болады», - деп мәлімдеді Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұрын бірінші сынып оқушыларының сабағы әрқайсысы 40 минуттан болатын еді.

Сонымен қатар бірінші сыныптарда көркем еңбек сабағы «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері» деген екі пәнге бөлінеді. 1-сыныпта оқу жылының ұзақтығы 35 оқу аптасынан тұрады.

«Қазақ тілінде оқытатын мектептерде «Әліппе» және «Ана тілі» пәндері, қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде «Букварь» және «Обучение грамоте», «Казахский язык» пәндері оқытылады», - делінген Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

1-сыныпта оқушыларға баға қойылмайды.