Қазақстан жіберген 84 киіз үй Түркияға жеткізілді

Қазақстан жіберген 84 киіз үй Түркияға жеткізілді
Сурет: Ашық дереккөз

Киіз үйлермен қоса гуманитарлық жүктер бар

Қазақстаннан түрік жұртына көмек ретінде жіберілген киіз үйлер тиелген 8 автоколонна Инджирлик әуе базасынан Кахраманмарашқа қарай жол тартты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпартқа сілтеме жасап.

«Зілзаладан зардап шеккен түрік жұрты киіз үйлерді асыға күтуде. Себебі бұл өңірдегі тұрғындардың басым бөлігі баспанасыз қалды», - деді ҚазАқпарат тілшісі.

Тілшінің хабарлауынша, киіз үйлермен қоса Қазақстан жіберген гуманитарлық жүктер бар.

Еске салсақ, бұған дейін Түркия халқына көмек көрсету мақсатында Кахраманмараш қаласында қазақстандықтар бірнеше киіз үй орната бастады. Бұған дейін қазақстандықтардың Түркия халқына 100-ге жуық киіз үй жіберетіні туралы хабарлаған едік.