Қазақстан жасөспірімдері теннистен іріктеу турнирін жеңіспен бастады

Қазақстан жасөспірімдері теннистен іріктеу турнирін жеңіспен бастады
сурет:egemen.kz

Шымкентте теннистен әлем чемпионаты өтіп жатыр.  

Шымкент қаласында 16 жасқа дейінгілер арасында Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша әлем чемпионатының іріктеу турнирі басталды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Жарыстың алғашқы күні Қазақстан қыздар командасы В тобында Вьетнам құрамасын 3:0 есебімен ұтты.

Бірінші ойында Ариана Гогулина Нгуенді 6:1, 6:0 есебімен тізе бүктірді. Полина Слепцова Нгоны 6:1, 6:3 есебімен ұтты. Жұптық сында А.Гогулина Анастасия Крымовамен бірге апалы-сіңлілі Нголардан 6:3, 6:0 есебімен басым түсті.

Осылайша, Ярослава Шведованың шәкірттері өз тобында көш бастады. Ертең қазақстандық қыздар Иран құрамасымен сынға түседі.