Қазақстан үстел теннисінен WTТ YOUTH CONTENDER PODGORICA 2022 турнирінде қола медаль иеленді

Қазақстан үстел теннисінен WTТ YOUTH CONTENDER PODGORICA 2022 турнирінде қола медаль иеленді
Сурет: Olympic.kz

Подгорицада (Черногория) WTT Youth Contender Podgorica 2022 халықаралық үстел теннисі турнирі өтуде.

Қазақстан қола медальмен марапатталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

13 жасқа дейінгі жас санатында алматылық Анар Әділгереева (жаттықтырушы Айман Успанова) жартылай финалға жетіп, қорытынды үшінші орынды иеленді.

Қола медальға апаратын жол:

Айназ Әділгереева-У Ин - сюань (Тайбэй) 1:3, Аня Байович (Черногория) - 3:0, Анастасия Вуйович (Черногория) - 3:2, ширек финал Ана Сладое (Босния және Герцеговина) - 3:2, Жартылай финал Йоханна Петери (Венгрия) - 1:3.