Қазақстан Үкіметінде бірқатар тағайындаулар болды

Қазақстан Үкіметінде бірқатар тағайындаулар болды
Сурет: Chk.gp.gov.ua

Президент Жарлыққа қол қойды. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Үкіметінде бірқатар тағайындаулар болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ғалымжан Қойшыбаев ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы лауазымына тағайындалды.

Зүлфия Сүлейменова ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі қызметіне келді.

Ғани Бейсембаев ҚР Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымына тағайындалды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Әскербекұлы Абаев Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі лауазымынан босатылды. Оның орнына Асхат Раздықұлы Оралов келді.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Азамат Есқараев ҚР Әділет министрі лауазымына тағайындалды.