Қазақстан цифрлық қызмет көрсетуден сегізінші орында - Мусин

Қазақстан цифрлық қызмет көрсетуден сегізінші орында - Мусин
Сурет: Ашық дереккөз

Қазіргі таңда проактивті түрде  40 мемлекеттік қызмет көрсетілуде

Қазақстан БҰҰ электронды үкіметтің даму индексі бойынша 28 орында. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин осылай деп мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Ол министрліктің жұмысы бірнеше бағытты қамтитынын атап өтті.  Олар - мемлекеттік қызмет көрсетуді жетілдіру, байланыс саласын дамыту және ақпараттық технологиялар мен инновацияны дамыту мен ғарыш саласын ілгерілету.

- Бірінші стратегиялық бағыт бойынша азаматтар үшін біз проактивті  форматта адам қажеттілігіне бағытталған қызметті енгізіп жатырмыз. Қазіргі таңда проактивті түрде  40 мемлекеттік қызмет көрсетілуде. 15 мемлекеттік қызмет сыртқы платформаларға шығарылды, 20 цифрлық құжат 7,5 млн рет қолданылды. Осы жобалардың арқасында біздің еліміз БҰҰ электронды Үкіметтің даму индексі бойынша 28 орынды иеленіп отыр.Онымен қоса, цифрлық қызметтер , яғни субиндекс бойынша сегізінші орындамыз, - деді Бағдат Мусин.