116 мыңнан аса адам қызмет ететін компания

116 мыңнан аса адам қызмет ететін компания Сурет: Rail-news.kz

«ҚТЖ» ҰК» АҚ - ның 2023 жылғы қызметінің қорытындылары және 2024 жылға арналған жоспарлар компанияның еншілес ұйымдары мен барлық өңірлік бөлімшелері өкілдерінің, Көлік министрлігі мен «Самұрық-Қазына» АҚ басшылығының қатысуымен кеңейтілген кеңесте талқыланды.


Өндірістік көрсеткіштер өсімі оң қарқынының сақталуы атап өтілді. Пайдалану жүк айналымы 269 млрд. т-км-ге жетіп, өткен жылға қарағанда 7% өсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Қазақстан теміржолшысы» басылымына сілтеме жасап. 


Контейнерлердегі транзиттік тасымалдар 1 млн 28 мың ЖФЭ құраса, бұл өткен кезеңмен салыстырғанда 13,5% артық. Қазақстан мен Қытай темір жолдары арасындағы жүктерді тасымалдау көлемі 22% өсіп, 28 млн тоннаға жетті. Бұл елдер арасындағы теміржол байланысы ашылғаннан бергі максималды көрсеткіш.



2023 жылы соңғы жылдары жолды жөндеудің ауқымды көлемі орындалды. 1443 км теміржол төсемі сауықтырылды. Жыл бойы елдің сенімді халықаралық транзиттік хаб ретінде қалыптасуына жағдай жасау бойынша жұмыс жүргізілді. Компания үшін ғана емес, республика үшін де ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру маңызды оқиғалар болды: Дарбаза – Мақтаарал, Бақты – Аягөз темір жол желілерін (Қытаймен үшінші шекара өткелінің ашылуымен) салу, Алматының айналасындағы айналма жол. Достық – Мойынты учаскесінде 300 шақырымнан астам екінші жол салынды. Сиань қаласының қытайлық құрғақ портында Қазақстанның жүк терминалы салынды.  



ҚТЖ Қазақстанның барлық өңірлерінде филиалдық желісі бар ірі ұлттық компания болып табылады. Қызметкерлер саны 116 мыңнан асады. 2023 жылы жалақы 20% - ға өсті. Бүгінгі таңда компанияның өндірістік персоналының орташа жалақысы республикалық деңгейден 26% асып түсті.  


2023 жылы қызметкерлердің санитарлық-тұрмыстық еңбек жағдайларын жақсарту бойынша ауқымды іс-шаралар өткізілді. 228 ғимарат, 467 үй-жай және локомотив бригадаларының 37 демалыс үйі жөнделді. Желілік қызметкерлерді жұмыс орнына жеткізу үшін 384 бірлік көлік сатып алынды.



ҚТЖ желісі бойынша жұмыс жүргізу үшін шалғайдағы станцияларға (душ кабиналары, тұрмыстық техника, жиһаз, ыдыс-аяқ және т.б.) шығатын теміржолшылардың толыққанды демалуына қажетті барлық заттармен жабдықталған 132 модульдік ғимарат орнатылды. Ғимараттарға барлық қажетті инженерлік коммуникациялар қосылған. 2024 жылы 120 астам модульдік ғимарат орнату жоспарлануда. Сонымен қатар, бүкіл ел бойынша тозығы жеткен құрылыстарды ауыстыру үшін теміржолдар бойындағы аралықтарда 1224 жылыту пункті орнатылды, онда теміржолшылар жұмыс кезінде жаңбыр мен желден паналай алады. Қолайлы еңбек жағдайларын жасау жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.  



Ұлттық компания қызметінің басым бағыты тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып қала береді. Сондай-ақ, 2024 жылдың негізгі міндеттерінің бірі – тасымалдау көлемін ұлғайту және транзитті дамыту, цифрландыру бағдарламаларын іске асыру, теміржол инфрақұрылымы мен жылжымалы құрамды жаңарту.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:59

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37

08:21

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10