Қазақстан Суперкубогы шетелде өтеді

Қазақстан Суперкубогы шетелде өтеді
Сурет: интернеттен

Бұл алғаш рет болмақ.

17 ші рет өткізілетін  жарыс 25 ақпан күні Анталияда (Түркия) болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Кубокты ел чемпионы «Ордабасы» ФК және Қазақстан кубогының иегері «Тобыл» ФК өзара сарапқа салады.

Ойын «Титаник Мардан» стадионында өтеді. Бұған дейін аталмыш алаңда Қазақстан ұлттық құрамасы мен өзге елдер бірнеше мәрте жолдастық кездесулерін ұйымдастырған. «Антальяспор» клубының жаттығу базасы саналатын стадион кезінде футболдан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы  Еуропа чемпионатын қабылдаған. Ойын жергілікті уақыт бойынша сағат 15:00-де (Астана уақыты бойынша сағат 18:00-де) басталып, отандық «Qazsport» республикалық телеарнасы тікелей эфирде көрсететін болады.