Қазақстан студенттердің стипендиясы екі есе өседі

Қазақстан студенттердің стипендиясы екі есе өседі
Сурет: Diapazon.kz

Есеп-қисап жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасындағы білім саласына қатысты міндеттер жүзеге асырылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Қазақстан студенттердің шәкіртақысы өсетіні жайында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Оның айтуынша, 2029 жылға дейін стипендия көлемін кезең-кезеңімен екі есеге көбейту жоспарланып отыр.

«Қазір тиісті есеп-қисап жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді ведомство басшысы.

Айта кетейік, қыркүйек айынан бастап студенттердің стипендиясы 20 пайызға өсті. Мысалы, педагогика мамандарын даярлау бағыты бойынша оқитын студенттер 58 мың теңге, басқа бағыттар бойынша білім алатындар 37 мың теңгеге жуық шәкіртақы ала бастаған.