Қазақстан спортшысы коньки тебуден үздік ондыққа ілінді

Қазақстан спортшысы коньки тебуден үздік ондыққа ілінді
Cурет: Inform.kz

Нидерланд елінде коньки тебуден Әлем кубогының финалы өтіп жатыр

Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитеті 1 500 метр қашықтыққа коньки тебу жарысының нәтижелерін мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Қазақстан атынан спорттың бұл түрінен екі конькиші өнер көрсетті. Надежда Морозова сегізінші орынға жайғасып, үздік ондыққа ілінді. Екатерина Айдова жарысты 12-ші болып аяқтады.
Жапондық Михо Такаги жеңіске жетті. Одан кейін екінші болып мәреге нидерланд спортшысы Антуанетта де Йонг келді. Норвегиялық конькиші Виклунд үшінші болды.