Қазақстан спортшысы АҚШ-тағы турнирдің чемпионы атанды

Қазақстан спортшысы АҚШ-тағы турнирдің чемпионы атанды
Сурет: Olympic.kz

Бұл оның 26-титулы

Қазақстан спортшысы Анна Данилина жұптық сында АҚШ-тағы Ландисвилле (Пенсильвания) ITF W100 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, жарыстың бірінші ракеткалары болып тіркелген А. Данилина америкалық Софи Чангпен бірге финалға қиналмай жетті.
Соңғы бәсекеде қазақстандық-америкалық жұп оңтүстіккореялықтар Хан-На Ли - Джан-Су Йонгпен бас жүлдені сарапқа салды.
Данилина мен Чанг қарсыластарын 2:6, 7:6 (7:4), 11:9 есебімен ұтты.
Осылайша, А. Данилина Халықаралық теннис федерациясы (ITF) өткізген турнирлерде 26-титулына қол жеткізді. Сонымен қатар, WTA жарыстарында үш рет (2021 жылы – Poland WTA-250 және 2022 жылы – Sydney WTA-500, Warsaw WTA-250) жеңімпаз атанған болатын.