Қазақстан спортшылары Белградтағы бокс турнирінен 12 медаль жеңіп алды

Қазақстан спортшылары Белградтағы бокс турнирінен 12 медаль жеңіп алды
Сурет: Vesti.kz

Олар қола медальды қанжығаға байлады.

Белградта (Сербия) «Белградтық жеңімпаз» Бранко Пешич мемориалы халықаралық турнирінде ширек финал айқасы өтті. Оның қорытындысы бойынша, Қазақстан құрамасындағы жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қола жүлдені Теміртас Жүсіпов (51 кг), Қуаныш Дүйсенбай (51 кг), Олжас Байниязов (54 кг), Дәулет Молдашев (54 кг), Оразбек Асықұлов (57 кг), Саматали Төлтаев (60 кг), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 кг), Дәулет Нысан (67 кг), Нұржан Аманкелді (71 кг), Армат Арманұлы (71 кг), Ильяр Аширов (75 кг) және Мәди Әміров (86 кг) алды.

Сондай-ақ Мәди Әміров жартылай финалдағы айқас өткізіп үлгерді, бірақ украиналық боксшы Сергей Горсковтан жеңіліп қалған ол финалға өте алмады.