Қазақстан Республикасындағы ең төменгі күнкөріс деңгейі бір жылда 13%-ға өсті

Қазақстан Республикасындағы ең төменгі күнкөріс деңгейі бір жылда 13%-ға өсті
Сурет: Nur.kz

Жас бойынша ең жоғары күнкөріс деңгейі 14-17 жас аралығындағы жасөспірім ұлдарға тиесілі. Олармен құрдас қыздардың үлесі  30%-ға төмен.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында ең төменгі күнкөріс деңгейі 38,2 мың теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 12,7 пайызға артық, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

2018 жылмен салыстырғанда, ең төменгі күнкөріс деңгейі 47,4%-ға, 2013 жылдан бастап есептегенде, 2,2 есеге өсті.

Анықтама үшін: 2021 жылдың қаңтарында күнкөріс минимумы жылына 12,7%-ға өсіп, 33,9 мың теңгені құрады.

Өңірлік тұрғыда ең жоғары күнкөріс деңгейі дәстүрлі түрде Маңғыстау облысында сақталған: 41,9 мың теңге – бұл бір жыл бұрынғыдан 7,8%-ға артық. Одан кейінгі орында елорда (41,2 мың теңге) және Алматы (39,9 мың теңге) келеді. Сонымен қатар үздік бестікке Алматы (39,5 мың теңге) және Ақмола (38,6 мың теңге) облыстары да кіреді.

Ең төменгі күнкөріс деңгейі Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Шымкентте тіркелді.

Ерлерге тиесілі ең төменгі күнкөріс деңгейі барлық жас санатындағы әйелдердің ең төменгі күнкөріс деңгейінен айтарлықтай жоғары.

Бұл ретте ерлер арасында ең жоғары көрсеткіш 14-17 жас аралығындағы ұлдарда (48,2 мың теңге), ең төменгі көрсеткіш алты айдан бір жасқа дейінгі сәби ұлдарда (25,1 мың теңге) байқалады.

Дәл осы жас мөлшеріндегі әйелдердің ең төменгі күнкөріс деңгейі 14-17 жас аралығындағы қыздар үшін небәрі 36,9 мың теңге болса, алты айдан бір жасқа дейінгі сәбилер үшін 23,6 мың теңгені құрайды.