Қазақстан президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Сурет: Akorda.kz

Мемлекет басшылары екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың бірқатар мәселесін талқылады.

Президенттер екі елдің стратегиялық серіктестігін жан-жақты нығайтуға деген өзара ұмтылысты растады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Олар екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, соның ішінде сауда-экономикалық ынтымақтастықтың бірқатар мәселесін талқылады. Сондай-ақ, Ресей мен Қазақстанның одақтастығы мен стратегиялық серіктестігін жан-жақты нығайтуға деген өзара ұмтылысты растады.