Қазақстан Президенті Петербургтегі «Экспофорум» көрме орталығына келді

Қазақстан Президенті Петербургтегі «Экспофорум» көрме орталығына келді
Cурет: Ақорда

Қазақстан Президенті Петербург халықаралық экономикалық форумының 25 жылдығына арналған жиынға қатысу үшін «Экспофорум» көрме орталығына келді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Бұған дейін белгілі болғандай, Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Петербор халықаралық экономикалық форумының 25-мерейтойлық жиынына қатысады. 

Мемлекет басшысы форумның пленарлық отырысына қатысып, бірқатар екіжақты кездесу өткізеді деп жоспарланған.