Қазақстан Президенті қорға ақша аударуға «асықпайтын» кәсіпкерлерге ескерту жасады

Қазақстан Президенті қорға ақша аударуға «асықпайтын» кәсіпкерлерге ескерту жасады Сурет: Depositphotos.com

Ақша аударға кәсіпкерлерге алғысын білдірді.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан халқына» қорына қайырымдылық жасамаған олигополия өкілдеріне үндеу жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Nur Otan партиясының съезінде сөйлеген сөзінде Президент қорға қаржы аударған кәсіпкерлерге алғысын білдіріп, олар қайырымдылық көмекке мұқтаж қазақстандықтарға азаматтық жауапкершілік танытқанын атап өтті.



«Сонымен бірге, олигополияның құрамына кіретін және тіпті оның бет-бейнесіне айналған бизнестегі кейбір танымал адамдар Мемлекет басшысы бастаған қайырымдылық акциясына қатысуға асығатын емес. Бұл не: ашкөздік пе, нигилизм бе, әдепсіздік немесе немқұрайлылық па? Қалай болғанда да, мемлекет бұл сұраққа толық жауап алу үшін қажетті барлық өкілеттіктерге ие», - деді Мемлекет басшысы.



Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев ірі бизнес өкілдерінің қайырымдылық жасау процесін реттейтін арнайы жарлық шығаруды жоспарлап отырғанын айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамау
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Пікіріңізге рахмет