Қазақстан Президенті ҚХР төрағасының шақыртуымен Бейжіңге ұшып келді

Қазақстан Президенті ҚХР төрағасының шақыртуымен Бейжіңге ұшып келді
Сурет: Inform.kz

Мемлекет басшысы Ақ Олимпиаданың ашылуына қатысады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Бейжің қаласына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл жайында Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында мәлім етті.

«Ертең Мемлекет басшысы XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысады. 5 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин келіссөз өткізеді. Келіссөз барысында Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық ынтымақтастықтың даму перспективалары талқыланбақ», - делінген мәліметте.