Қазақстан Президенті бірқатар елшілерді тағайындады

Қазақстан Президенті бірқатар елшілерді тағайындады
Сурет: Russian.rt.com

Германия мен Ливан елдерініне жаңа елшілер тағайындалды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Расул Берекетұлы Жұмалы Қазақстан Республикасының Ливан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорда сілтеме жасап. 

Ақорданың ресми сайтының мәліметінше, Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Баймолдаұлы Онжанов Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды. Ресми мәліметтер бойынша, ол Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы лауазымынан босатылған. 

Ал осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болған Дәурен Айтбайұлы Кәріпов лауазымынан босатылды.