Қазақстан Премьер-Министрі Иранға барады

Қазақстан Премьер-Министрі Иранға барады
Сурет: Ашық дереккөз

Ведомствоаралық меморандум мен бизнес келісімшарттарға қол қойылмақ

2023 жылғы 26 сәуірде Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың Иран Ислам Республикасына сапары өтеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл сапар Иран жағының шақыруы негізінде ұйымдастырылмақ.

«Сапар бағдарламасына сәйкес, Иран Президенті Ибрахим Раисимен және Иранның бірінші вице-президенті Мохаммад Мохбермен кездесулер жоспарланған», - деді А. Смадияров елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, сапар аясында Иран Ислам Республикасына Қазақстанның сауда-экономикалық миссиясы ұйымдастырылады. Сонымен қатар бірқатар ведомствоаралық меморандум мен бизнес келісімшарттарға қол қойылмақ.