Қазақстан Пәкістанға гуманитарлық көмек көрсетеді

Қазақстан Пәкістанға гуманитарлық көмек көрсетеді
Сурет: Elorda.info

Пәкістанда табиғи апаттан 1 033 адам қаза болды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Үкіметі Пәкістан Ислам Республикасына адам өліміне әкеп соққан нөсер жаңбыр мен су тасқыны салдарын жою үшін 400 мың доллар мөлшерінде гуманитарлық көмек көрсетеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Elorda.info -ға сілтеме жасап.

Бұл мәселе Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі комиссияның отырысында қаралды.

Ресми мәліметтер бойынша, Пәкістанда табиғи апаттан 1 033 адам қаза болды, оның ішінде 343 бала, сондай-ақ тұрғын үйлер мен инфрақұрылым қирады. Шамамен 35 млн адам баспанасыз және азық-түліксіз қалды.

27 тамызда Пәкістан Премьер-Министрі Ш. Шариф халықаралық қауымдастықтан көмек сұрады.

28 тамызда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Президентіне су тасқыны салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты көңіл айтты.