Қазақстан өте маңызды әрі бетбұрысты кезеңге қадам басқалы тұр - Президент

Қазақстан өте маңызды әрі бетбұрысты кезеңге қадам басқалы тұр - Президент Cурет: Ptrkkz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың референдумға қатысты бейнеүндеуі басталды.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы референдумға қатысты ойын білдірді. Ол еліміздің өте маңызды әрі бетбұрысты кезеңге қадам басқалы тұрғанын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



"5 маусым күні азаматтарымыз жалпыұлттық референдумда дауыс береді. Конституцияға түзетулер енгізу мәселесі бойынша шешім қабылдайды. Бұл – мемлекеттің және бүкіл қоғамның болашағын айқындайтын жауапты сәт. Ел тағдыры ешкімді бейжай қалдырмайтыны анық. Біз қазір барлық саланы жаңғыртуға кірістік", - деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.



Президент осы жолда мемлекетті басқару үлгісін түбегейлі өзгерту қажеттігі туындағанын айтты. Сол себепті, Мемлекет басшысы наурыз айындағы Жолдауында саяси жаңғырудың ауқымды бағдарламасын ұсынды.



"Оның басты мақсаты – елімізді одан әрі демократияландыру, халықтың мемлекетті басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейту. Сондай-ақ, Үкіметтің тиімділігін арттыру. Бұл өзгерісті толық жүзеге асырсақ, ықпалды парламенті бар президенттік республика үлгісіне біржола көшеміз. Конституциялық реформа адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін барынша күшейтеді. Сонымен бірге еліміздегі саяси бәсекенің әділ және ашық болуын қамтамасыз етеді. Біз Ата заңымыздың отыздан астам бабына өзгеріс енгізгелі отырмыз. Оның бәрі азаматтарымыздың мүддесіне толық сай келеді. Осылайша, мемлекетімізді түбегейлі жаңғыртамыз. Сол арқылы Екінші Республиканың негізін қалаймыз", - деді Мемлекет басшысы. 


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38