Қазақстан ОПЕК келісімі шеңберінде мұнай өндірісі көлемін арттырады

Қазақстан ОПЕК келісімі шеңберінде мұнай өндірісі көлемін арттырады
Cурет: Ашық дереккөз

Қазақстанның шілде айындағы міндеттемелері тәулігіне 1,680 млн баррель

Шілде және тамыз айларында ОПЕК + елдері тәулігіне өндірілетін мұнай өндірісін 648 мың баррельге арттырады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
2 маусымда бейнеконференция форматында өткен ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлік отырысында Қазақстан атынан Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов қатысты.

Отырыс барысында сәуір айында елдердің келісім бойынша міндеттемелерін орындауы талқыланды.

«Отырыс қорытындысы бойынша ОПЕК+ елдерінің ағымдағы өндіру деңгейін шілде айында тәулігіне 0,648 млн баррельге ұлғайтуды жалғастыру және артық өндіру өтемақысы кезеңін 2022 жылғы желтоқсанға дейін ұзарту туралы шешім қабылданды»,-делінген ҚР Энергетика министрлігі таратқан хабарламада.

Қазақстанның шілде айындағы міндеттемелері тәулігіне 1,680 млн баррельді құрайды.