Қазақстан ОПЕК+ келісімі бойынша мұнай өндіру көлемін ұлғайтады

Қазақстан ОПЕК+ келісімі бойынша мұнай өндіру көлемін ұлғайтады
Сурет: Ашық дереккөз

Қазақстанның тамыз айындағы міндеттемелері тәулігіне 1,706 млн баррель

Қазақстан ОПЕК+ келісімі бойынша мұнай өндіру көлемін арттырмақ. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz Энергетика министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің жинына Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов қатысты. Отырыс барысында мамыр айында елдердің келісім бойынша міндеттемелерін орындауы талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша ОПЕК+ елдерінің ағымдағы өндіру деңгейін тамыз айына тәулігіне 0,648 млн баррельге ұлғайтуды жалғастыру туралы шешім қабылданды.

Қазақстанның тамыз айындағы міндеттемелері тәулігіне 1,706 млн баррельді құрайды.