Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды
Cурет: Inform.kz

«Қызыл» және «сары» аймақта ешқандай өңір жоқ

Ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Оған сәйкес, соңғы бірнеше күн бойы матрица өзгермеген.

«Қызыл» және «сары» аймақта ешқандай өңір жоқ.

Бүкіл өңірлер мен қалалар, атап айтқанда Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары «жасыл» аймақта тұр.