Қазақстан Орта Азия елдерінің ішінде ең арзан байланыс пен жылдам интернетке ие

Қазақстан Орта Азия елдерінің ішінде ең арзан байланыс пен жылдам  интернетке ие
Сурет: Geek-nose.com

Ең қолжетімді мобильді байланыс.

International Telecommunication Union (ITU) мәліметтеріне сәйкес, Орталық Азияның басқа елдерімен салыстырғанда, ең қолжетімді мобильді байланыс Қазақстанда көрінеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Finprom.kz сілтеме жасап.

Мәселен, 2021 жылы Қазақстандағы тариф бойынша ұялы байланыс шығындары жан басына шаққандағы жалпы ұлттық табыстың 1,04%-ын құрады. Қырғызстанда бұл көрсеткіш 3,11%-ды құраған.

Қазақстандағыдай ұялы байланыс шығындарының деңгейі Өзбекстанда (жан басына шаққандағы жалпы ұлттық табыстың 1,14%-ы) мен Түрікменстанда (1,17%) тіркелген. Бірақ та, бұл елдерде мобильді интернеттің жылдамдығы Қазақстанға қарағанда әлдеқайда төмен.

Ресурстың хабарлауынша, елімізде мұндай тарифтің құны айына 2021 жылы орташа есеппен 6,89 долларды құрады (2,9 мың теңге). Бұл ел азаматтарының шығындарының 4,4%-ын ғана алады. Бұдан бөлек "РИА Новости" деректеріне сәйкес, еліміздегі үй шаруашылықтары шығындарының 53%-ы тамаққа кетеді.

Дүниежүзілік банктің дерегінше, 2021 жылы еліміздегі жан басына шаққандағы жалпыұлттық табыс 8720 долларды құрады.

Жалпы әлем бойынша бұл көрсеткіш 12070 долларды құрады.

Қазақстанда мобильді интернеттің орташа жылдамдығы осы жылдың қазан айында 22,41 Мбит/с-қа дейін артты.

Жалпы әлем бойынша мобильді интернеттің орташа жылдамдығы бір жыл ішінде 28,54 Мбит/с-тан 33,43 Мбит/с-қа дейін өсті.