Қазақстан министрлері сайлауда өз таңдауын жасап жатыр

Қазақстан министрлері сайлауда өз таңдауын жасап жатыр Сурет: ustinka.kz

Кезектен тыс президент сайлауында өз учаскесіндегі алғашқылардың бірі болып Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов дауыс берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Өз таңдауын жасағаннан кейін министр ел бойынша Қарулы Күштерге қатысы бар 130 мыңға жуық адам дауыс беріп жатқанын атап өтті.



«Қазіргі таңда әскери бөлімдер мен мекемелер аумағындағы 20 сайлау учаскесінде мерзімді қызметтегі сарбаздар мен курсанттар дауыс беріп жатыр. Қарулы күштерден барлығы 130 мыңға жуық әскери қызметші, азаматтық персонал және олардың отбасы мүшелері дауыс беруге қатысуда», – деді Руслан Жақсылықов.



Ал ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Әділет министрі Қанат Мусин №66 мектеп-лицейде орналасқан сайлау учаскесінде дауыс берді.




Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі өзі тіркелген сайлау учаскесіне дауыс берушілер көп келіп жатқанын жазды.


«Азаматтық парымызды өтеп, таңдауымызды жасадық. Біз тіркелген сайлау учаскесіне дауыс беру үшін келіп жатқандар көп. Елімізге қайырлы болсын», - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.



Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек дауыс беруге жұбайымен бірге барғанын жазды.


«Бүгін ел қатарлы сайлау учаскесіне барып, жұбайым екеуміз дауыс бердік. Ел ертеңі үшін өз таңдауымызды жасадық. Себебі сайлауда әркімнің дауысы маңызды деп есептеймін. Туған еліміз - Қазақстанымыздың ішкі мәселелерін сырттан ешкім шешпейтінін, мемлекетімізді бізден басқа ешкім дамыта алмайтынын мойындайық. Барлығы өз қолымызда. Өз елінің саналы, кемел, белсенді азаматы болу – нағыз патриотизмнің көрсеткіші. Бұл үлкен жауапкершілік», - дейді Саясат Нұрбек.


Айта кетейік, Орталық сайлау комиссиясының берген мәліметіне сүйенсек, елімізде дауыс беру құқығы бар 11 827 277 азамат тіркелген. Олар республика аумағында орналасқан 10 101 сайлау учаскесінде дауыс береді. Ал 53 шет мемлекеттегі 68 учаскеде 12 527 Қазақстан азаматына дауыс беру мүмкіндігі жасалған.


Еліміздегі 86 учаскеде дауыс беру өзге учаскелерден 1 сағат бұрын басталды.


Бұған дейін ОСК кезектен тыс президент сайлауының барысын 641 халықаралық байқаушы қадағалайтынын мәлім еткен еді.


Орталық сайлау комиссиясы сағат 10.05-ке дейін қанша қазақстандық дауыс бергенін мәлім етті.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38