Қазақстан мен Жапония бірлесіп фильм түсіріп жатыр

Қазақстан мен Жапония бірлесіп фильм түсіріп жатыр
Сурет: Elorda.info

Фильм «Кішкентай самурай» деп аталады. 

Қазіргі таңда фильм еліміздің Балқаш көлінің маңында түсіріліп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап. 

Күзде түсірілім Жапонияда жалғасын табады.

Фильмнің сценарисі және режиссерлерінің бірі - жапониялық продюсер Сано Синдзю. Екінші режиссер - қазақстандық Ерлан Нұрмұханбетов. 

Негізгі рольдерді Самал Еслямова мен Дәрежан Өмірбаев, сондай-ақ қырғызстандық кинорежиссер Арым Кубат ойнайды. Фильм кеңес-жапон соғысы кезінде әкесін Сахалинге іздеп келіп, бірақ өзі тұтқынға түсіп, Қазақстанға жер аударылған жапон баланың оқиғасы туралы баяндайды. Оны Ыбырай есімді қазақ балықшы асырап алған.