Қазақстан мен Тюрингия жол инфрақұрылымы саласындағы ынтымақтастық туралы бірқатар меморандумға қол қойды

Қазақстан мен Тюрингия жол инфрақұрылымы саласындағы ынтымақтастық туралы бірқатар меморандумға қол қойды Сурет: Gov.kz

ҚР Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Анар Ғабдуллина қазақстандық делегация құрамында «Қазақстан-Тюрингия» дөңгелек үстелінің жұмысына қатысты.


Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков бастаған қазақстандық делегацияның құрамына ҚР Көлік министрлігінің, Қарағанды қаласы әкімдігінің, «QazIndustry қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ, «Kazakh Invest ҰК» АҚ,  «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, Qaz Textile Industry АҚ және «Қазақстан Республикасының Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының қауымдастығы» ЗТБ өкілдері мен отандық бірқатар ірі компания өкілдері кірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Іс-шараның қорытындысы бойынша Қазақстан мен Тюрингия компаниялары арасында жол инфрақұрылымын дамыту және картографиялық деректерді жинау саласындағы, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық секторындағы энергия тиімділігі саласындағы ынтымақтастық туралы бірқатар меморандум мен келісімге қол қойылды. Атап айтқанда, бұл құжаттар еліміздің жолдарында жоғары жылдамдықты көпфункционалды өлшеу жүйесін пайдалану арқылы жолдардың жай-күйін тіркеу және бағалау мәселелерін қамтиды. Жалпы тараптар Қазақстан Республикасының жол инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екендерін айтып жеткізді.


Айта кетерлігі, өткен жылы сәуір айында Тюрингия делегациясы Қазақстанға келген болатын. Жалпы екі тарап бұрын-соңды қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асырып, ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін анықтау бойынша бірлескен жұмысты одан әрі жалғастыруға мүдделі екендіктерін білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамау
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Пікіріңізге рахмет