Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда айналымы 33 % өсті

Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда айналымы 33 % өсті
Сурет: ашық дереккөз

 Президент Анкарада Түркия Қазақстанның басты сауда серіктестерінің бірі екенін айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Түркия Қазақстанның басты бес сауда серіктесінің қатарына кіреді. Былтыр екі ел арасындағы сауда айналымы 33 пайызға өсіп, 6,3 миллиард долларға жетті. Бұл – жүйелі жұмыстың нәтижесі. Қазақстанның тауарларын Түркия нарығына көптеп шығаруға мүмкіндік бар», – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев түрік инвесторларының Қазақстандағы жобаларын қолдауға дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ кездесу барысында «Орта дәліз» деп аталатын Транскаспий халықаралық көлік бағыты аса маңызды рөл атқаратыны сөз болды.

Қазақстан тарапы әлеуеті мол осы көлік-логистикалық бағдарды дамыту үшін ортақ инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін мәлімдеді.