Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе рейстерінің саны артады

Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе рейстерінің саны артады
Сурет: Ашық дереккөз

5 желтоқсаннан бастап Астана және Анкара қалалары арасында аптасына 2 рейс жиілігімен жаңа рейс қатынайды

Алматы-Анкара бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстері қатынай бастайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ИИДМ-ге сілтеме жасап.

"Turkish Airlines" түрік әуе компаниясы ағымдағы жылдың 20 қарашасынан бастап А-320 және Б-737 типті әуе кемелерінде аптасына 2 рейс жиілігімен Алматы-Анкара бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды жоспарлап отыр",- делінген хабарламада.

Рейстерді ұлғайту және ұшу географиясын кеңейту Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.