Қазақстан мен Түркия арасындағы әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойылды

Қазақстан мен Түркия арасындағы әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойылды
Cурет: Inform.kz

Тараптар жауынгерлік даярлық пен әскери білім беру саласының жай-күйін талқылады

Қорғаныс министрлігінде Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Олжас Құсайынов Қазақстан Республикасындағы Түрік Республикасының Әскери атташесі полковник Фатих Паламен кездесті. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Тараптар әскери ынтымақтастықтың келешегі, оның ішінде жауынгерлік даярлық пен әскери білім беру саласының жай-күйін талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Түркия қорғаныс ведомстволары 2022 жылға арналған Әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды.