Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы өзара сауда 2 есеге өсті - Тоқаев

Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы өзара сауда 2 есеге өсті - Тоқаев Сурет: Ашық дереккөзі

Экономиканың түрлі саласында бірқатар жоба іске асыру сатысында тұр


Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы өзара сауда 2 есеге өсті. Бұл туралы бүгін Ақордада Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовпен келіссөздерден кейінгі БАҚ өкілдеріне арналған брифингіде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Бүгін біз қазақ-түрікмен қарым-қатынастарының стратегиялық сипатын тағы да растадық және бауырлас халықтарымызды одан әрі жақындастыруға өзара ұмтылысымызды білдірдік. Достық пен өзара тиімді түрде көпжоспарлы ынтымақтастығымыздың басымдықтарын айқындадық. Сауда-экономикалық серіктестікке ерекше көңіл бөлінді. Өткен жылдың қорытындысында бірлескен іс-шаралардың арқасында екіжақты тауар айналымымыз екі есеге артып, 250 млн доллардан асты. Биыл да оң динамика сақталды. 7 айда өзара сауданың екі есе өсуі қамтамасыз етілді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.



Мемлекет басшысы үкіметаралық байланыстар, сондай-ақ екі елдің іскер топтары арасындағы байланыстар айтарлықтай жанданғанын атап өтті.



«Экономиканың түрлі саласында бірқатар жоба іске асыру сатысында тұр. Сондықтан, бізде сауда-экономикалық кооперацияны тереңдету үшін айтарлықтай резервтер бар деп санаймыз. Осыған байланысты біз экономикаларымыздың өзара толықтырылуын ескере отырып, экспортты әртараптандыру қажеттігін белгіледік», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:13

19:43

19:13

18:42

18:15

17:40

17:16

17:14

17:02

16:51

16:28

16:25

16:00

15:46

15:35

15:34

14:52

14:49

14:36

14:31

14:06

13:40

12:55

12:48

12:37