Қазақстан мен Ресейдің батыс шекарасында сауда-өнеркәсіп орталығын құру жоспарлануда

Қазақстан мен Ресейдің батыс шекарасында сауда-өнеркәсіп орталығын құру жоспарлануда Сурет: Gov.kz

Мамандар екі ел арасындағы  сауда және экономикалық байланыстар өсімінің оң серпінін атап өтті. 


Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің қатысуымен 2022 жылғы 29 наурызда «Ресей - Қазақстан. Шекара маңы өңірлерінің өзара іс-қимыл перспективалары» онлайн-конференция өткізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Іс-шараны әріптестік бизнес байланыстарды орнату алаңы – «Астана» дипломатиялық клубы ұйымдастырды. Онлайн-конференцияға іскер топтар мен мемлекеттік ұйымдардың 50-ден астам өкілдері қатысты», - делінген Сауда және интерграция министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.



Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының Сауда өкілі Андрей Владимирович Бабко құттықтау сөз сөйледі, ол Ресей мен Қазақстан арасындағы сауда және экономикалық байланыстар өсімінің оң серпінін атап өтті.


Конференцияға қатысушыларды Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілінің орынбасары Нұржан Қайыржанұлы Садықов құттықтады, ол логистикалық тізбектерді қайта құру жағдайында шекара маңындағы өңірлердің транзиттік әлеуетін пайдалану қажеттілігін атап өтті, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының өнеркәсіптік әлеуетіне, оның ішінде құрылып жатқан «Еуразия» сауда-өнеркәсіптік хабының алаңына назар аударды.


Самара және Батыс Қазақстан облыстары арасындағы тауар айналымының оң серпінін (2021 жылдың қорытындысы бойынша 27% өсім немесе 500 млн.доллардан сәл артық) ескере отырып, іске асырылмаған транзиттік-логистикалық әлеует, сондай-ақ тамақ саласындағы, мұнай-газ химиясы мен құрылыс облыстарындағы сауда-өнеркәсіптік байланыстардың өзара өсу нүктелері бар.



«Қазақстан Республикасының Үкіметі трансшекаралық хабтарды дамытудың бірыңғай стратегиясын қабылдау туралы жариялады, оның шеңберінде Қазақстанда трансшекаралық сауданың 5 орталығы құрылады және жаңғыртылады. Қазақстан мен Ресейдің батыс шекарасында ірі өңірлік нарықтарға тікелей жақын орналасқан сауда-өнеркәсіп орталығын құру жоспарлануда», - делінген Сауда және интерграция министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.



Конференция қорытындысы бойынша, қатысушылар биылғы жылы Батыс Қазақстан және Самара облыстары компаниялары арасында В2В кездесулерін ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:50

13:46

13:15

12:40

12:07

11:45

11:05

10:49

10:45

10:37

10:27

10:14

10:10

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42

15:30

14:52

14:10

13:26

13:13

12:59

12:46