Қазақстан мен Ресей Қорғаныс министрлері ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Ресей Қорғаныс министрлері ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Cурет:Қорғаныс министрлігі

Әскери -техникалық ынтымақтастық мәселелері бойынша тыңғылықты диалог болды

ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы шеңберінде Мәскеуде Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов ресейлік әріптесі армия генералы Сергей Шойгумен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Кездесу барысында Қазақстан мен Ресейдің әскери саладағы екіжақты ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі талқыланды.

«Кадрларды даярлау, жауынгерлік даярлықтың бірлескен іс-шараларын өткізу, әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері бойынша тыңғылықты диалог болды. Тараптар Орталық Азия өңіріндегі сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерге қатысты пікір алмасты», - делінген министрлік мәліметінде.